"№31 қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
0
№31 қазақ орта мектебі жанынан ашылған «Айналайын» тынығу лагерінің жұмыс барысы туралы талдама есеп

"№31 қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі - Жаналыктар

Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім–тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады.Мектеп білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы.Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып,  рухани азық болып, жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.

 

"№31 қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі - №31 қазақ орта мектебі жанынан  ашылған «Айналайын» тынығу лагерінің жұмыс барысы туралы талдама есеп

Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім–тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады.Мектеп білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы.Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып,  рухани азық болып, жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.

Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерлері де өз жұмыстарын бастады.Жазғы демалыс маусымы- балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.
2016-2017 оқу жылында №31 қазақ орта меттебінің жанынан аз қамтылған отбасы балаларына араналған  «Айналайын» тынығу лагері берілген жоспар бойынша 1ауысымда  5-17 маусым аралығында жұмыс жасады.


Лагердің мақсаты:
«Айналайын» тынығу лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіріу, салт- дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік –патриоттық сезімін арттыру. 


Міндеттері:
-Лагерьге балалардың уақытымен толық келуін қадағалау;
-Әр күнді  бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
-Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
-Саяхат ,жолға шығу кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау.
-Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
-Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру.
«Айналайын» тынығу лагері төмендегі күн тәртібі  бойынша жұмыс жүргізді.
Таңертеңгі 8.45-тен- 9.00ге дейін балаларды қабылдау. Лагерь барысында жоспар бойынша қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, тәрбиешілер өз міндеттерін қолға алды.
Лагерьде бастауыш сынып оқушыларының аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларынан 25 оқушы қамтылды.Оқушылардың жас шамасы 7-10 жас. Олардың ішінде 10 ұл,  15 қыз. Балалар 2топқа бөлінді. І топ «Достық» тобы 13 бала.  ІІтоп «Айгөлек» тобы 12 бала. Лагерьде 3 тәрбиеші жұмыс жасады: Утеуова А.Т, Дүйсенбиена Н.О, Темірбай Ә.Р. Олар әр күні қызықты ойындар өткізіп, оқушыларды  қызықтыра білді. Балаларды лагерь өміріне баулыды.
Лагерьдің күнделікті жұмысына тоқталатын болсақ:


Сәлем, балдырған!Танысу күні
Балаларды таңертең қабылдап, ертеңгілік жаттығулардан кейін таңғы астарын ішті.   “Айналайын” лагерінің салтанатты ашылу кеші өткізілді, оқушыларды  лагерь ережесімен таныстырып, “Қауіпсіздік ережелерін есте сақта”сабағы өткізілді. Қозғалыс ойындарын ойнады, көгілдір экран алдында мультфильм тамашалады .  
“Шынықсын денеміз” Спорт күні
Балаларды  қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді. «Посейдон» хауызына барды. “Медбикені тыңдайық”тақырыбында дәрігерлік кеңес тыңдады.  “Көңілді мәре” эстафеталық ойындарын ойнады. “Сөз тапқанға қолқа жоқ”тақырыбында сабақ жүргізілді.
Үйлеріне қайтарда шеңбер құрып кері байланыс алынды.

 

Елтану күні
Балаларды қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді. Оқушылар тәрбиешілермен бірге А.Пушкин саябағына барды. Балаларға психологиялық тренингтер жүргізілді.
“Тәуелсіздікке 25 жыл” тақырыбында сабақ тыңдады.  «Сүйікті қалам Ақтөбе» тақырыбында асфальтқа сурет салды.


Бояулар әлемінде
Балаларды   қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді.   “Мен салған сурет”тақырыбында балалар өз ойларынан сурет салды.  «Посейдон» атты хауызға барды, логикалық ойындар ойнады, үйлеріне қайтарда терек ағашына бүгінгі алған әсерлерін жазды.


Жарқыра ,алтын күн!
Балаларды қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді. Балалар тірбиешілермен бірге таза ауамен демалуға  саябаққа қыдырды.  ”Жарқыра, алтын күн!” тақырыбында асфальтқа сурет салды, ұлттық ойындар ойнады. “Менің жазғы демалысым” тақырыбында шығарма жазды.


Ойнайық та, ойлайық!
Балаларды   қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді және көңілдерін көтеру мақсатында «Буги-буги» биін биледі.  М.Ломоносов атындағы кітапханаға барды. “Ішек ауруларының алдын алу”тақырыбында медбикенің кеңесін тыңдады, қозғалыс ойындарын ойнады. “Ойлан, тап!” тақырыбында топтық жұмыс жүргізілді.


Өнерлі өрге жүзер
Балаларды қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді.Жаттығудан кейін флешмоб биледі. Планетарийге барып, аспан әлемін тамашалады. Конструктор,мозайка құрастырып,    «Менің қиялымдағы  ЕХРО »  тақырыбында сурет салды.


Ертегілер елінде
Балаларды қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді. Оқушылар «Локомотив»
кинопаркіне барып, мультфильм тамашалады.   “Менің сүйікті кейіпкерім” тақырыбында  ертегілерді сахналады , ермексазбен жұмыс жасады.


Жүзе білу де өнер
Балаларды қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді.  Балалар «Пасейдон»  хауызына барды, ұлттық ойындар ойнады. “Отанымды жырлаймын”тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы жүргізілді.


Шығармашылық күні
Балаларды қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді. Оқушылар шашка ,шахмат ойнап , өтірік өлеңдер құрастырды. Шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, ребус, сөзжұмбақ, метограммалар құрастырыды.


Білім күні
Балаларды   қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді. «Кім тапқыр?» білім бәйгесі өткізілді. Қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұлова атындағы музейге саяхатқа барды. «Кім жүйрік?» эстафеталық ойындары ойналды. Новый орта мектебінде өткен «ХХІ ғасыр дарындылары» фонды ұйымдастырған «Жұлдызды сәт минуты» конкурсына оқушылар қатысып, өз өнерлерін көрсетіп дипломдармен марапатталды.


Қимас сезім
Балаларды   қабылдап, ертеңгілік жаттығу жұмысы өткізілді. «Ұмытылмас қызықты күндер» атты лагерьдің жабылу салтанатты жиыны өтті. Президент атындағы саябаққа барды. Соңында «Лагерьден алған әсерім» сауалнамасы жүргізілді.
Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық. Мектеп директоры С.М.Баймағамбетова лагерьдегі балалар үшін арнайы мектептің көлігін бөліп берді. Арнайы көлікпен балалар Планетариийге, Т.Ахтанов атындағы драма театрына,  Ә.Молдағұлова атындағы мұражайға, А.Пушкин саябағына, «Пасейдон»  хауызына,  Президент атындағы саябаққа барған кезде  күн ыстықта өздерін жайлы сезінді.Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттырды. Ойындар арасында мектеп медбикесі, мектеп психологы,  кітапханашы, аға тәлімгер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ат салысты. Мектеп медикесі жеке бас гигиенасына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы бақылады, кітапханашы балаларға әртүрлі қызықты ертегілер оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды,. Мектептің аға тәлмгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап,би билеп әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс-шаралар жүргізді. Күнделікті таңғы жаттығуды флешмоб музыкаларымен билеумен бастады.  Таңғы жаттығулар, жақсы ән мен билер оқушылардың көңілдерін көтеріп отырды. Оқушылар Ә.Молдағұлова атындағы мұражайға барған кезде қазақтың батыр қызы туралы көптеген мағлұматтар алды. «Айналайын» тынығу лагері өз жұмысын аяқтап, балалар бір- бірімен қимастықпен қоштасты. Балалар уақыттың тез, әрі тиімді өткенін байқамай қалды.
Сонымен қатар 2016-2017 оқу жылының 5-16 маусым аралығында мектеп жанында «Айналайын» балалар алаңының І кезеңі өз жұмысын аяқтады. Алаңда 2 тәрбиеші жұмыс жасады: Ундаганова Ж.О, Құлмұханова Ж.Қ. Алаңда  60 оқушыны қамтылды. Оның 28-і ер бала,32 сі қыз бала. Осы оқушылар «Толағай» және «Күншуақ» топтарына бөлініп бекітілген жоспар бойынша жұмыс жасады. Жоспарға сай түрлі іс-шаралар өткізілді. Алаң өз жұмысын 9.00де бастап,12.00-де аяқтап отырды. 5маусым күні мектеп әкімшілігінің және ата-аналардың қатысуымен «Айналайын» балалар алаңының ашылу салтанаты өтті. Мұнда әр топ басшылары өз топтарының аттары мен ұрандарын таныстырып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.
Мектептен тыс сыртқы ортамаен  байланыс жасау мақсатында оқушылар М.Ломоносов атындағы кітапханаға,Т,Ахтанова атындаңы драма театрына, «Посейдон» хауызына,Ретро саябағына, Н.Назарбаев атындағы саябаққа, «Локомотив» кинотетрына, Планетрийге барып, көңілді демалды.
Сыртқы ортамаен қатар оқушылармен мектеп ішінде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Топтар арасында «Көңілді мәре» атты спорттық эстафеталық жарыстар, психологиялық тренингтер, шығарма жазу, мәнерлеп оқу жарыстары өтті. Оқушылар мозайка, конструктор құрастырып жарысқа түсті. Сонымен қатар ұлттық тәрбие беру мақсатында ұлттық ойындар, салауатты өмір салтын насихаттау барысында бассейнге бару, роликтер тебу, әртүрлі қимыл- қозғалыс ойындары ойналып, дәрігерлік кеңестер тыңдалды. Бұл шараларға оқушылар белсене қатысып отырды.
Әр саяхаттан соң оқушылар өз ойларын ортаға салып, алғанн әсерлерімен бөлісіп отырды. Алаңның жабылу салтанатында ата-аналар, оқушылар тілектерін, алғыстарын айтып, алаң уақытында серуендеген суреттерден слайдтар тамашалады. Салтанатты жиында оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, қимай қоштасты. Алаң жұмысына риза болған ата-аналар алаңның жақсы ұйымдастырылғанын айтып, келесі оқу жылында балаларын алаңға қатыстыратынын айтты. Алаңға қатысқан оқушылар бір- бірімен және тәрбиешілермен қимай қоштасты. 
№ 31 қазақ  орта  мектебі жанында   Ақтөбе  қаласының № 6 ,8,31,42,52 орта  мектеп  оқушылырымен  қамтылған  жазғы  тілдік  лагерінің ашылуы  ұйымдастырылды. Ағылшын пәнінің  мұғалімдері З.Аймаганбетова  ,К.Суентаева . А.Суйншалина ,А. Есенова , Ж.Кошкинова , А.Чукберова  тілдік лагерді  өткізу  міндеттелді. Осы  лагерьге 25  оқушы  қатысып, өз жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Жазғы  демеушілік  лагерге  мектеп  бойынша  80   оқушыны  қамту  жоспарланды.
Сонымен  қатар  қала  сыртындағы  лагерьге  аз  қамтылған  және  көп  балалы  отбасынан  шыққан 16  оқушыны  жіберу  жоспарланып , маусым айында  3 оқушы «Энергетик »  лагеріне  барды.
Жоспар бойынша  мектеп жанындағы «Айналайын» балалар алаңы шілде, тамыз айларында өз жұмыстарын бастауға дайындық жұмыстарын жүргізуде.

 

Лагерь басшысы:               С.З. Оспанова