"№31 қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
0
№31 қазақ орта мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылында өткен қамқоршылық кеңестің отырысы туралы мәлімет.

2019 жылдың 26 қаңтары күні мектептің қамқоршылық кеңесінің отырысы болып өтті. Қамқоршылық кеңес отырысына мектеп директорының міндетін атқарушы Ш.Т.Жиенмұрзина, төрайым З.Б.Текигулова,мүшелері М.Дарибаева,Г.Қасқырбаева,Ж,Абдуллина,М.Нургалиева,Г.Сүлейменова,Н.Нұртазина, С.Нұрмагамбетова қатысты. Күн тәртібінде:1.Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары; 2.Педагог мәртебесі туралы Заң жобасын талқылау;3.Бос білім беру ұйымдары басшыларын тағайындаудағы қамқоршылық кеңестің рөлі туралы айтылды.


Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің төрайымы З.Б.Тектигулова қазіргі уақытта жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбейіп тұрғандығына тоқтала келе,оқушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу,ата-ана тарапынан бақылауды күшейту керек екендігін айтты. Екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі М.Дарибаева Елбасының биылғы дәстүрлі жолдауында Білім және ғылым министрлігіне «педагог мәртебесі» туралы заң қабылдауды тапсырғанын және ата-аналарды әзірленіп жатқан заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырғандығы туралы айтып өтті.

Шығып сөйлеуші Г.Қасқырбаева мұғалімдер еңбегі өте күрделі екенін,мұғалімдерге қоғам болып қолдау көрсету қажет деп ойлайтындығын айтты.  Мектеп директорының міндетін атқарушы Ш.Т.Жиенмұрзина Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларында көрсетілген   3- тараудағы Қамқоршылық кеңестің өкілеттігіне 8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі деп көрсетілгендігі туралы айтып өтті.

 

 

 

Мектеп директоры м.а                               Ш.Т.Жиенмұрзина